ІІМ мәліметінше, 2 қыркүйекте сағат 10:34 кезінде 102 арнасына Семей тұрғыны үш күн бұрын үйден белгісіз жерге кетіп, оралмаған 12 жасар ұлын іздеуге көмек сұрап жүгінді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. Белгілі болғандай, бала бұрын да бірнеше рет кетіп қалған, бірақ қайтып оралып отырған.