Оқыс оқиға Бразилияның Сан-Паулу қаласында болды. Толассыз жауған жауынның соңы селге ұласты. Сан-Себастьян әкімшілік аймағында 35 адам қаза тапты. Убатуба ауданында да бір тұрғынның жан тәсілім еткені анықталды. 550 адам жағаладағы қоныстарын тастап қашқан. Олардың 338-і үй-күйсіз қалды. Сан-Паулу губернаторы Тарсисио де Фрейтас азаматтық қорғаныс басшыларымен бірге Сан-Кристобалға барған. Онда тәулігіне 600 мм жауын-шашын жауды.