Қадір түні – мұсылмандар үшін маңызды әрі қасиетті кезеңдердің бірі. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биылғы Қадір түнін сәуірдің 17-нен 18-не қараған түніне белгіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Құранда Қадір түнінің нақты уақыты айтылмайды, әл-Бұхари хадисінде Рамазан айының соңғы 10 күніндегі тақ түндердің бірі екені айтылған. Көпшілігі мұны Оразаның 27-ші түні деп санайды. Қадір түні –