«Қазгидромет» синоптиктері 16 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады. Жоғары қысымның әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады. Тек қана батыста, солтүстік-батыста, қиыр шығысында атмосфералық фронттар жүріп өтеді, салдарынан найзағай жарқылдап, өткінші жаңбыр жауады. Еліміздің батысында бұршақ жауып, дауыл соғуы ықтимал. Республика бойынша жел күшейеді. Елдің орталығында шаңды дауыл тұрады. Күндіз Ұлытау, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде, Атырау