"Қазгидромет" синоптиктерінің болжамы бойынша Қазақстанның көптеген өңірінде ауа райы тұрақты болады, антициклон әсерінен көп жерлерде жауын-шашын күтілмейді. Алайда, солтүстік-шығыс, оңтүстік-шығыс және орталық аймақтарда жаңбыр жауып, кей жерлерде найзағай ойнайды деп күтілуде, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.