Былтыр 4-қаңтар күні қазақ қоғамын дүр сілкіндірген, қара жамылдырып, билікке сынақ болған айрықша жағдай орын алды. Тәуелсіздік бесігі саналатын Алматы қаласы шаһар тарихында болмаған бүліншіліктің астында қалды. Құрбан болған бейкүнә сәбилер, баласынан айырылған аналар, әкесінен айырылған балалар. Халықтың үнін билікке жеткіземіз деп бейбіт шеруге шыққан жандардың оққа ұшуы, тергеуге алынып, қамалып, бетіне үтік басылып, азапталуы…