Қырғызстанда Тәжікстанның қарумен басып кіруі кезінде азаматтардың қаза болуына байланысты 19 қыркүйек ұлттық аза тұту күні деп жарияланды. Бұл туралы АКИpress хабарлады. Ұлттық аза тұту күнінде елдің барлық аумағында, шетелдегі дипломатиялық және консулдық мекемелер ғимаратында Қырғызстан Республикасының мемлекеттік туы төмен түсіріледі. Мәдениет мекемелері мен телерадиокомпанияларға ойын-сауық шаралары мен хабар таратудан бас тартуға кеңес беріледі. 18