23 наурыз – он екі айдың сұлтаны қасиетті Рамазан айының алғашқы күні. Рамазан – тәрбие мен тағылым, мейірім мен кешірім айы. Бұл айда адамдар сауапты іске, мұқтаж жандарға қол ұшын созуға, үлкендердің батасы мен алғысын алуға ұмтылады. Рамазан айында мұсылман жамағаты бір ай бойы ораза тұтады.