Қазақстанда ойын бизнесінің жағдайы ерекше. Соңғы екі жылда спорттық бәс тігулерді қабылдайтын, жердегі немесе онлайн казиноларда құмар ойындарын ұйымдастыратын компаниялардың саны 93-тен 35-ке дейін қысқарды. Былтыр күрт төмендеу болды, Алматы облысының ойын аймағында 20 компания бірден жабылды. ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, қазір «қазақстандық Лас-Вегаста» ресми түрде тек 12 ойын кәсіпорны жұмыс істеп тұр.