Ресейде ішінара мобилизация жарияланды. Бүгін таңертең Путин «соғысқа баратын кездерің келді» деп, ресейліктердің төбесінен мұздай суық су құйып жіберді. Ресей абыр-сабыр, халық қандай шетелге болса да, билет таппай сеңге түсуде. Бірақ мобилизацияның әдетте соғыс жағдайында ғана жарияланатынын ескерсек, әскерге жарамды жастағы еркектер үшін шекара тарс жабылды. Ресейден қашу енді қиын. Бұл мобилизацияның түбі жарияланатыны Путиннің