Оқыс оқиға Бурабайдағы Үлкен шабақты көлінде болды деп хабарлады turkystan.kz Екі қызды бірден құтқарып, үшінші 14 жастағы қыз судан шығарылғанде ес-түссіз болған. Демалушылардың бірі оған алғашқы медициналық көмек көрсетті. Судан алып шыққан кезде, қыздың жүрек қағысы әлсіз болды. Ол «өкпенің ісінуі» диагнозымен аурухананың жан сақтау бөліміне жеткізілді, — деп мәлімдеді облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі.