Бурабайдағы Бөлектау тауында суретке түспек болған әйел мерт болды. Ол құлап кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Астаналық әйелдің қаза болғанын Ақмола облыстық полиция департаменті хабарлады. Дерекке сүйенсек, оқиға 11 маусым күні болған. Ол отбасымен қайғылы оқиғадан бір күн бұрын Бурабайға демалуға келіпті. Бірақ Бөлектау тауының төбесіне шығып, суретке түспек болғанда құлап кеткен. Бөлектау тауының шолу алаңына