2 миллионнан астам азамат 10 соттық жер ала алмай телміріп жүргенде, Болат Назарбаевтың 244 гектар тұратын 59 жер телімі бар болып шықты. Бұл ақпарат кездейсоқ па, әлде әдейі ме, әйтеуір Ерлан Саировтың Facebook парақшасында пайда болды. Ерлан Саиров - парламент депутаты, «Amanat» партиясының мүшесі. Ол өткендегі «ығай мен сығайлардың» жемқорлық, протекция істерінен сабақ алуды алға