«Әлем тарихында ақша орнына тұз, металл, ракушка сияқты нәрселер қолданылған ғой. Соңғы жылдары ақшаны лайк және қаралым ығыстырып жатқандай. Ол екеуін жаңа капитал деген ой жиі айтылды. Біраз блогер лайк пен қаралым үшін әжептеуір ақшадан бас тартуға даяр». Журналист Нұрмұхамед Байғараев осындай тұжырым айтып отыр. Айтуынша, енді аудиторияның назары, зейіні бәрінен құнды капиталға айналып барады.