Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) өкілдері Twitter басшылығы ауысқалы бері желіде африкалықтарға қарсы өшпенділік тілі жиі қолданылатынын, олардың құқығы бұзылатынын мәлімдеді. Аталмыш мәселені көтерген өтінішке БҰҰ-ның адам құқықтары саласындағы ондаған тәуелсіз сарапшылары қол қойды. АҚШ-тағы Ратгерс университетінің зерттеу институтының мәліметінше, Twitter иесін ауыстырғаннан кейінгі алғашқы 12 сағатта онда африкалықтарды алалайтын сөздер бес есе өскен. Африкалықтарға қарсы