Есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунова бюджет ақшасын жұмсауға қатысты қаржылық қылмыстарды тәртіптік теріс қылықтарға теңестіруді ұсынды деп хабарлады turkystan.kz. «Бюджет қаражаты мен активтерін пайдалану кезінде қаржылық қылмыс жасауды мемлекеттік қызметтің беделін түсіретін тәртіптік теріс қылыққа жатқызған дұрыс болар еді. Бұған орындалмаған жұмыстар, жеткізілмеген тауарлар, көрсетілмеген қызметтер, ақшалай қаражаттардың жетіспеушілігі, дебиторлық қарызды негізсіз есептен шығару сияқты …