Корея жастары 30-дан асып барып қана тұрмыс құрады. Кореяда 6 жылдан бері жұмыс істеп жүрген отандасымыз Сайрангүл Дахан Jas Alash тілшісімен болған сұхбатта солай деді: Хангуктар 30 жасынан кейін ғана тұрмыс құру туралы ойлана бастайды. Бұлардың жастары оқып жүріп жұмыс істейді. Студенттерге жақсы мүмкіндік бар. Қымбат ноутбук аламын деп, студенттік картаңды көрсетсең көп жеңілдік жасайды.