Мемлекет басшысы Павлодар жұртшылығымен кездесуде қоғам психологиясы туралы айтты. Бұл туралы Ақорда хабарлады. Президенттің айтуынша, қазақ қоғамы масылдық психологиядан арылып, адал еңбек етуі керек. Біздің қоғам масылдық психологиядан арылуы керек. Әрине, мемлекет әлеуметтік жағынан әлсіз топтағы азаматтарға қолдау көрсете береді. Бірақ жұмыс істеуге мүмкіндігі бар әрбір адам адал еңбекпен табыс тауып, отбасын асырауға міндетті, деді