Сәуірдің 10-ы күні Астанадағы Энергетика министрлігі ғимаратының алдына мұнай кәсіпшілігіне қызмет көрсететін мердігер «Берәлі Маңғыстау» компаниясының 100-ге жуық бұрынғы жұмысшысы жиналды. Ер азаматтар Астанаға Жаңаөзеннен келген. Олар шарасыздықтан жолға шыққан. Айтуларынша, «Берәлі Маңғыстау» компаниясы тендерде жеңіліп, барлығы жұмыссыз қалған. Олардың бәрі «Өзенмұнайгаз» компаниясынан жұмыс талап етеді. Жұмыссыз қалған жаңаөзендіктер мәселеміз шешілмей министрлік алдынан кетпейміз деп,