Қостанайлық вахта жұмысшылары Екатеринбургке жұмысқа бет алған. Таңғы 06.00 шамасында Кунашак ауданында қалың қар салдарынан YUTONG автобусы шұңқырға аударылған. 13 адам зардап шекті, олар Челябі, Кунашак және Касли аудандарының емдеу мекемелеріне жеткізілді. Автобуста 22 адам болған.