Coca-Cola компаниясы Украинадағы жағдайға байланысты Ресейдегі жұмысын тоқтататын болды деп хабарлады turkystan.kz Қазіргі уақытта компания қоймалардағы сусындардың қорын сатуда. «Қор таусылғаннан кейін, Coca-Cola HBC Ресейде Coca-Cola немесе The Coca-Cola компаниясының басқа брендтерін бұдан былай өндірмейді және сатпайды», – делінген хабарламада. Агенттіктің ақпаратына сәйкес, мамыр айындағы мәлімдемесінде компания 8 наурыздың өзінде концентратқа тапсырыс беру тоқтатылғанын хабарлады. …