Істейтін ісі жоқ-ау. Жұмыс бөлмесінде бірен-саран біреулермен сөйлесуден басқа. Жұрт сияқты күнде барып қонатын үйі жоқ, күтіп отыратын семьясы, бала-шаға жоқ. Ойланатын, өкінетін, өз бармағын қатты-қатты тістеуге уақыты көп есесіне. Әбден қартайған шағымда осылай оңбай ұрынып қаламын, деп ойламағаны анық. Билікті біреуге тапсырып, Ельцин сияқты тыныш кете салатын жол да қалдырмапты өзіне. Билікті берген күні