Кірпіш кітаптардың дәуірі өтті дейтін түсініктің санамызға сыналап кіре бастағанын жасыруға болмас. Бұл пікірге бірден келісе қою қиын, әрине. Оған дәлелдемелер келтіріп, уақытты текке өткізбейік. Мәселе кітаптың қалыңдығына, не жұқалығына тірелмесе керек-ті. Бәрінен бұрын алғашқы беттен-ақ оқырманды ойлы сөйлемдерімен, оқиғаның ұзын-сонар желісінен там-тұмдап таңдайыңа бал тамызғандай, ал нақтылағанда одан әрі ешкімнің қолқалауынсыз өз-өзінен үйіріп әкететін …