Акушерлер мен медбикелер әйелдің жатыры толық ашылып, босануға дайын екенін байқамаған. Оралдағы перзентханада Әдемі Қайырғалиева босану бөлмесіне бара жатқан кезде, дәлізде жөргекке босанды. Дәрігерлер әйелдің жатырының толық ашылғанын байқамаған. Жаңа туған сәбидің анасы медицина қызметкерлерінің немқұрайлығына ашулы. Бұл туралы Astana.tv хабарлады. Баламда туа сала гипортемия болды. Бірінші күні мүлдем ембей қойды. Ақуыз деңгейі жоғарылап кетті.