Даниал Ахметов Шығыс Қазақстан облысының әкімі лауазымынан босатылды. Тиісті жарлыққа президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды, деп хабарлайды Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында. Мемлекет басшысының жарлығымен Даниал Кенжетайұлы Ахметов Шығыс Қазақстан облысының әкімі лауазымынан босатылды, делінген хабарламада. Ахметов Даниал Кенжетайұлы 1954 жылы 15 маусымда Павлодар қаласында дүниеге келген. 1976 жылы Павлодар индустриалды институтын бітірген. Мамандығы бойынша инженер-құрылысшы.