Түркістан облысында бір жарым жасар бала тереңдігі төрт метр болатын дәретхана шұңқырына құлап кеткен. Абырой болғанда, өңірдің құтқарушылары сәбиді дер кезінде құтқарып қалды деп хабарлады turkystan.kz. Оқиға Қазығұрт елді мекеніндегі үйлердің бірінде болған. Дәретханаға түсіп кеткен баланы өздігінен шығара алмаған тұрғындар құтқарушыларды көмекке шақырған. «Авариялық-құтқару жұмыстарына Түркістан облысы ТЖД 5 құтқарушысы мен медициналық жедел жәрдем …