Тараз қалалық көпбейінді ауруханасының екі қызметкері сәбиді 39 жастағы әйелге 1 миллион 500 мың теңгеге сатып жіберген. ⠀ Олар уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, ал сатып алушыға қолхатпен босату түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды. Сәби балалар үйіне орналастырылды. Бұдан бұрын Жамбыл облысында екі дәрігердің сәби саудалады деген күдікке ілінгенін жазған едік.