Фото: видеодан скрин Сәтбаев қаласындағы ауруханалардың бірінде түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды. Кадрларда медицина қызметкерлерінің жұмыс орнында дастархан жайып отырғаны байқалады. Желі қолданушылары бұл жағдайға байланысты түрлі пікір білдіріп, жауаптыларды сынға алды. Видео авторы дәрігерлердің спирттік ішімдік ішкенін және бір науқасқа көмек көрсетілмегенін айтады. Сондай-ақ кезекші дәрігердің мас болғаны...