Ақтау қаласының әкімі Нұрдәулет Қилыбай сотта жеңіліп, 153 мың теңге айыппұл төледі деп хабарлады turkystan.kz 24.kz сайтына сілтеме жасап. Маңғыстау облыстық сотының мәліметінше, оның үстінен жеке кәсіпкер шағым түсірген. Ол қала әкімі мен Ақтаудың жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің заңсыз әрекеті туралы айтқан. Даулы мәселе жер телімін жалға беру мерзімін ұзартуға байланысты шыққан. …