Дүниежүзі бойынаш Даун синдромы бар миллиондаған балалар үшін өзін тануға көмектесетін Барби қуыршағы сатылымға шығады. Еuronews агенттігінің хабарлауынша, америкалық Mattel компаниясы ұсынған Барбидің бұл нұсқасы балаларды адамның көптеген ерекшелігімен таныстыруға арналған Fashionistas желісін толықтыра түспек. Біз айналамыздағы әлемнің алуан түрлілігін жақсырақ жеткізетін Даун синдромы бар Барби қуыршағын шығаратынымызды мақтан тұтамыз, деді компанияның вице-президенті Лиза МакНайт.