Дәурен Абаев жаңа қызметке тағайындалды. Бұл туралы Telegram-дағы Ақорда арнасы хабарлады. Онда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Дәурен Әскербекұлы Абаев Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалғаны айтылған. Дәурен Әскербекұлы Абаев 1979 жылы 18 сәуірде Алматы облысында дүниеге келді. 2001 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін үздік бітірген.