Синоптиктер алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды деп хабарлады turkystan.kz. 16 шілде күні еліміздің солтүстік-батысында жаңбыр жауады. Ал 17 шілдеде республиканың шығысында қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнап, екпінді жел соғады. «Қазгидромет» РМК мәліметінше, демалыс күндері солтүстік-батыс антициклонының екпіні республиканың батысы мен оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы болуына әсер етеді. Еліміздің оңтүстігінде шаңды дауыл соғады.