Синоптиктер алдағы үш күнге, яғни 21-23 мамыр аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады. «Республиканың бүкіл аумағында ауа райы тұрақсыз болады. Күн күркіреп, жел күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін, солтүстік-батыста, сондай-ақ оңтүстік өңірлердің таулы және тау бөктеріндегі аудандарында қатты жаңбыр жауады деп болжануда. Батыста, солтүстік- батыста түнде және таңертең топырақ бетінде 2 градусқа дейін аяз болуы мүмкін», […]