16 қарашада Астана қаласындағы тұрғын үй кешенінен өрт шығып, отқа оранған пәтерден 5 адам құтқарылған еді. Алайда өрт сөндірушілердің бірі пәтерден тұрғындарды шығару кезінде жарақат алып, комаға түскен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Өрт «Қаһарман» тұрғын үй кешенінде 11-қабатта тұтанған. Өрт сөндіру қызметкерлері 5 адамды құтқарып, тағы 10 адамды эвакуациялады. Нәтижесінде екі адам мен бала