Депозит – инвестицияның бір түрі. Өз тілімізге салып айтсақ, банкте сақтап қоятын қаржатымыз. Қазақша баламасы – салым. Банк біздің ақшаны ала отырып, оны өзінің басқа операцияларына қолданады. Банк – ақшадан ақша құрайтын мекеме екенін білесіз. Яғни, сіз бен біздің депозитке салған ақшамызды қолдана отырып, одан түскен табыстың бір бөлігін пайыз түрінде біздің ақшамызға қосып отырады.