Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова ірі қалалардағы мектептерді карантинге жауып, оқушыларды қашықтан оқуға жіберу туралы министрлік шешімін сынға алды. Мәжілісмен мектептердің үздіксіз жұмыс істеуі балалардың білімі мен психикалық денсаулығы, әлеуметтік өмірі үшін маңызды екенін еске салды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.