Ақмола облысына қарасты Жарқайын ауданының орталығы енді Кенесары қаласы болып аталады. Дауыс беруге 321 адам қатысса, олардың 192-сі Кенесары атауын жақтады. 4 бюллетень жарамсыз деп танылса, қала атауын өзгертпеуді қолдап 125 адам дауыс берген. Державин қаласы – Астанадан 482 шақырым қашықтықта орналасқан. 2020 жылғы санақ бойынша 6307 адам тұрады.