Әнші Димаш Құдайберген Абай облысындағы алапат өртте орманшылардың қаза болуына байланысты көңіл айтты. «Семей орманы» табиғи резарватындағы өрт салдарынан қаза тапқан орман шаруашылығы қызметкерлерінің отбасына және барша дүйім жұртқа қайғырып көңіл айтамын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Алапат өрт тезірек тоқтасын! деп жазды әнші Instagram-дағы парақшасында.