Мәжілістің жалпы отырысында Нартай Сәрсенғалиев жұмыссыздық мәселесін көтерді. Қазақта «Қолыма жұмыс бергенің —жаныма тыныс бергенің» деген сөз бар. Бірақ, қазір Қазақстан халқының тынысы тарылып, қыларға қызмет таппай жүр. Себебі, жұмыссыздық деген жегі құрт барлық салаға дендеп енді, тәжірибелі маман болсын, енді ғана ЖОО-ны тәмамдаған адам болсын екі қолға бір күрек таппай қиналады. Біздің елдегі статистика