Күні кеше мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі жағдайды халықтың нақты мұң-мұқтажына қарап емес, әлеуметтік желілердің лүпілімен, пікірімен бағалайтын билік басындағыларды сынға алды. Президент әлеуметтік медиа бұқарамен байланыс орнатудың жалғыз жолы еместігін баса айтты. Сондықтан министрліктердің, әкімдіктер мен мемлекеттік аппараттың қызметкерлеріне виртуалды әлемге үйір болмауға кеңес берді. Өйткені оның жазасы шынайы өмірде өтелетінін еске салды. Сонымен