Қазақ перзентінің АҚШ Президенті Джо Байденнің алдынан шығып, балалық көңілмен сәлем берген видеосы Қазнетте кеңінен таралып кетті. Қарағандылық Әлтайыр есімді бала Джо Байденнің қарсы алдынан шығып, екі буын өкілі өзара сәлемдесті. Шағын әңгімеден Байденнің қазақ перзентінен Америкадағы хал-жағдайының қалай екендігін сұрап жатқандығы байқалады. Есте қаларлық оқиға Пенсильван университетінде болған. Оның анасы осында оқитын болып шықты.