Бүгінде 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі мәңгі өшпейтін құндылықтарды дәріптейді. Дегенмен, атаулы датаның тарихына үңілсек, бұл күн бұрыннан жұмысшылардың халықаралық ынтымақтастығы күні болған. Ал КСРО-да Бірінші мамыр мерекесі пролетариаттың салтанат құруын ғана білдірмей, сонымен қатар, бұқараның санасын қайта құруға, ең алдымен, дінге қарсы күрес мақсатында белсенді қолданылды. Жалпы, бұл мерекенің түп-тамырына оралсақ, оның