Өзбекстан соты Жахонгир Улугмуродов есімді студентті діни ән таратқаны үшін үш жылға бас бостандығынан айырды. Туыстарының айтуынша, ол сыныптастарына YouTube желісіндегі нашидтің (мұсылмандық ән) сілтемесін жіберген. Өзбекстан Жоғарғы сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ташкент облысы Аққорған ауданының қылмыстық істер жөніндегі соты 8 мамырда 21 жастағы студент Жахонгир Улугмуродовты «фанатизм идеясы сіңген» діни ән таратқаны үшін үш