Доллар құны түсіп жатыр. Бұл туралы Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарлады. Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 1,20 теңгеге арзандап 478,78 теңге болды. Ұлттық банк 28 шілдедегі ресми доллар бағамы 480,16 теңге деп бекіткен еді. Kurs.kz мәліметі бойынша, қазір Алматыдағы айырбастау пункттарында доллардың орташа сатып алу бағамы 478,88 теңге, сату бағамы 483,15 теңге болып тұр.