Қазақстандық KASE қор биржасында доллардың орташа бағамы 465,15 теңге болды деп хабарлады turkystan.kz Доллар құны 5,75 теңгеге өсті. Бұған дейін АҚШ валютасы 10,79 теңгеге қымбаттаған еді. Нұр-Сұлтанның екінші деңгейлі банктерінде валютаны сату бағасы – 472-477 теңге болса, сатып алу – 464-466 теңгенің айналасында.