ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев доллар бағамының елдегі тауар құнына қаншалықты әсер ететінін айтты. Сенат отырысынан кейін тілшілер ведомство басшысына доллардың құнсыздануына байланысты тауар бағасы төмендеуі мүмкін бе деген сауал қойды. Баға арзандайды деген ойдамыз. Өйткені негізінен доллар бағамы көтерілгенде импорттық тауарлардың бағасы көтеріледі. Соған байланысты біз импорттық тауарлар біртіндеп азая бастайды.