Бұған дейін Telegram арналарда Гүлнәр Досаеваға «РТС ДЕКО» АҚ компаниясының 15 % үлесі тиесілі екені жазылған. Компания жарнама қызметтерін ұсынумен айналысады. Компанияның құрылғанына көп болды. Негізгі серіктестері әлемдік жарнама нарығының көшбасшысы - JCDecaux Asie Holding. Ал қалғаны төрт құрылтайшыға тиесілі. Мен Алматыға әкім болып келген соң, бұл мәселе көтерілетінін түсіндім. Былтырғы жылдың желтоқсанында менің әйелім