Қазақстан сауда министрлігінің өкілі 22 мамырдағы брифингте қазақстандық компаниялар халықаралық санкцияны бұзып, Ресейге дрон мен электронды бөлшектер жеткізген деген ақпаратты «қызық мәлімет» деп атады. «Біз кәсіпорындардың бәріне не экспорттап, өнімді қайдан алғанына қатысты сараптама жүргіземіз. Сіз қызық мәлімет келтірдіңіз, бірақ оны қаржы министрлігіне жолдау керек, өйткені өнім экспорттау немесе импорттаумен айналысатын кәсіпорындарды осы мемлекеттік орган