Дубайдағы зәулім ғимараттың бірінде санаулы минуттарда бұкіл ғимаратты от шарпыды. Өртеніп жатқан ғимаратты Emaar компаниясы салған. Оның айналасында бизнес орталықтар, үлкен ғимараттар және мешіт орналасқан. Қазіргі уақытта оқиға орнында барлық төтенше жағдайлар қызметі жүр. Зардап шеккендер туралы ақпарат әлі түскен жоқ. Ғимаратта қанша адам болуы мүмкін екені де белгісіз.