Ол дәрігердің алдында тұр. Бір түрлі, ыңғайсызданып, қипақтады. Дегенмен, сөз бастады, дәрігер де тыңдаудан қашпады. – Қай жеріңіз ауырады? ‒ деп сұрады дәрігер. – Алақаным. – Қалай, сонда? – Қыши береді. – Қышығанда қалай? – Дуылдап, жүрегім кетеді суылдап. – Қасисыз ба? – Қасимын, қасысам, одан бетер қышиды. – Екі алақаныңыз да ма? – Ия. […]